Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Опубликовано:

Тест нәтижесін қарап тұрған талапкерлер
Тест нәтижесін қарап тұрған талапкерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды. Биыл негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 28 сәуірде басталып, 14 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство мәліметінше, мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға арналған ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Барлық талапкерге ҰБТ-ны тапсыруға екі мүмкіндік беріледі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2023 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Сондай-ақ олар тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдайды. Бұл ретте талапкерлер екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді.

Сонымен қатар ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында тіркелуге болады.

Атап өтейік, тіркелудің бірінші кезеңі 28 сәуірден 6 мамырға дейін, екінші кезеңі 7 мамырдан 14 мамырға дейін жүзеге асырылады.

"Талапкерлердің негізгі ҰБТ-ға дайындығын жақсарту мақсатында өткен жылы әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау енгізілді. Яғни, әр ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектерге жеке тақырыптар бойынша білімдерін арттыру ұсынылады.

Сонымен қатар бірінші мүмкіндіктен кейін олар екінші мүмкіндікке дейін дайындықтарын жақсарта алады. Одан бөлек, біз тегін онлайн байқау сынақтарын іске қостық. Білім беру орталықтарымен бірлесіп, тегін онлайн сабақтарды жалғастырдық.

Ал оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары; "Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; "Информатика" пәнінен терминдер тізімі; "Қазақ әдебиеті" және "Орыс әдебиеті" бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.

Дайындық сапасын жақсарту үшін осы және басқа да қабылданған шаралар түлектерімізге тестілеуде жоғары нәтиже көрсетуге көмектеседі деп үміттенеміз", - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018737-qazaqstanda-negizgi-ubt-ga-otinis-qabyldau-bastaldy/

pixel