Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша халық, қандай ұлт өкілдері тұрады

Жарияланған күні:

Балабақшадағы балалар
Түрлі ұлт өкілдерінің балалары. Көрнекі фото: Рexels.com

Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұратыны туралы Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында СЖРА Ұлттық статистика бюросының Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

"Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамды құрайды.

Оның ішінде 70,6 пайызы – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1 пайыз, өзбектер – 3,2 пайыз, украиндар – 1,9 пайыз, ұйғырлар – 1,5 пайыз, немістер – 1,1 пайыз, татарлар – 1,1 пайыз, әзербайжандар – 0,7 пайыз, кәрістер – 0,6 пайыз және басқа ұлттар", – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында шоғырланған, яғни 1,5 млн, ал орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың адам, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам,ды құрайды, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында қоныстанған, яғни 120 мың адам.

Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері тұратынын хабарлаған. Қазақстанда бір шаңырақ астында барлығы 124 ұлт өкілі тұрады.

Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері
Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері. Фото: Т.me/stat_gov_kz_official

Еске салайық, ертең, 1 мамыр күні елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі, соған байланысты қазақстандықтар бір күн демалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018830-qazaqstanda-qansa-xalyq-qandai-ult-okilderi-turady/