Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауын-шашын, үсік, аяз: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Шық түскен гүл
Гүл. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 2 мамырда республика бойынша және еліміздің ірі қалалары – Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін республиканың батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр, Маңғыстау облысында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, еліміздің шығысында және оңтүстік-шығыс аудандарындағы таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), Алматы облысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ, Қазақстанның солтүстігінде және шығысында тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Қарағаңды облыстарында, Алматы облысының таулы аудандарында 1-6 градус аралығында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Жетісу облысының таулы аудандарында 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Ал Алматы қаласында бүгін жауын-шашын күтілмейді. Күндіз термометр бағаны +15...+17 градусты көрсетсе, түнде +2 ... +4 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Ал топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с.

2 мамырда Астанада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +13…+15 градусты көрсетсе, түнде -3-5 градусқа дейін төмендеп, аяз күтіледі. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с.

Сейсенбі Шымкентте де күн ашық және бұлтсыз болады. Ауа температурасы күндіз +24...+26 градусқа дейін көтерілсе, түнде +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с деңгейінде болады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018923-bugin-qazaqstannyn-eki-iri-qalasynda-ayaz-kutilude/

pixel