Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешбір әдіс көмектеспеді": 5 тілді білетін Қазақстандағы ең жас докторант қазақ тілінде сөйлей алмайтынын мойындады

Опубликовано:

Компьютердің клавиатурасы
Компьютердің клавиатурасы. Көнекі сурет: pixabay.com

Қарағандыда 5 тілді меңгерген Қазақстандағы ең жас докторант тұрады. 23 жастағы Азат Алтынбеков бірнеше тілді білгенімен, өзінің ана тілі – қазақ тілін үйрену оңайға соқпай тұрғанын мойындап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Индустриальная Караганда" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Азат бүгінде Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің докторантурасында оқып жатыр және тілдерді меңгергенді ұнатады.

Ол қазір орыс, ағылшын тілінен бөлек, неміс, француз, итальян тілдерін біледі. Жақында кәріс тілін оқуға ден қойған.

Басылым хабарлауынша, кез келген тілді үйренуде Азаттың өзінің әдісі бар. Солардың бірі психология.

"Орта сыныпта сыныптастарымның алдында ағылшын тілін жақсы білетіндей кейіп танытатынмын. Неміс тілін оқып жүргенде де сол тәжірибені қолдануды ұйғардым – қыздарды тілді жақсы білетініме сендірдім, олар сеніп, менен көмек сұрай бастады. Сондықтан абыройымды жоғалтып алмау үшін әрі сауатымды арттыру мақсатында тілді тереңірек білуге тура келетін. Бұл да үлкен мотивация болды. Кейін басқа да тілдерді үйренгенде солай болды. Дегенмен, үнемі практика да керек", - дейді Азат.

Лингвистің айтуынша, ол телефонын толық итальян тіліне ауыстырған. Сонымен қатар ол Instagram желісін де жаңалықтар мен жазбалар тек итальян тілінде шығатындай етіп қойған.

Азат жаңа сөздерді құр жаттап, есте сақтау әдісіне қарсы, айтуынша, себебі жаңа жатталған сөздер оңай ұмытылады. Оның орнына бейтаныс сөзді кездестірген жағдайда сөзбе-сөз аудармасын іздемес бұрын, жалпы контекстен сөздің мағынасын түсінуге тырысу керек. Осыдан кейін ғана сөздің мағынасын сөздіктен қарауға болады. Сол кезде ғана жаңа сөз адамның жадында қалады.

"Бір қызығы, қазір мен үшін ең қиыны қазақ тілі болып отыр... Докторантураға емтихан тапсыру үшін мемлекеттік тілді білу керек болғандықтан, оны терең меңгеруді жөн көрдім. Бірақ ешбір әдіс көмектеспеді. Грамматиканы үйренуге тырысып едім, бірақ ол тек кедергі болды. Үнемі тыңдайтын заманауи қазақ әндерінің плейлистін жасадым, бірақ бұл да әзірге көмектеспей тұр. Мен бәрін түсінемін, бірақ әлі сөйлей алмаймын", - дейді Азат.

Көп тілді білетін Азат ​шетел асып, білімін жетілдіруге асықпайды. Ол өз Отанында қалып, тіл үйренуге деген сүйіспеншілікті дамытуға ниетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018953-esbir-adis-komektespedi-4-tildi-biletin-elimizdegi-en-zas-doktorant-qazaq-tilinde-soilei-almaitynyn-moiyndady/

pixel