jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында күн 26 градусқа дейін ысып, күшті жел соғады деп күтіледі

Жел
Жел. Көрнекі фото: Рexels.com

Синоптиктер бүгін, 3 мамырда Алматы, Астана және Шымкентте қандай ауа райы күтілетінін айтты. Ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Сәрсенбіде Алматыда жауын-шашын күтілмейді, күн сәл салқындайды – күндіз термометрлер +12...+14 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с жетеді.

Астанада да күн жауын-шашынсыз өтеді. Күндізгі температура +12...+14 градусты көрсетеді. Елордада желдің жылдамдығы 3-8 м/с жетуі мүмкін.

Шымкентте бүгін күн ашық. Қалада күн жылы – ауа температурасы күндіз +24...+26 градусқа дейін көтеріледі. Қала тұрғындарына желдің күшейетіні жайлы ескертілді. Яғни желдің жылдамдығы 8-13 м/с деңгейінде болады, күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді деп болжануда.

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында күн 26 градусқа дейін ысып, күшті жел соғады деп күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.