Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хайп ұйымдастырумен әлек": мәжілісте блогерлердің қызметін заңмен шектеу мәселесі көтерілді

Опубликовано:

Блогер
Жұмыс істеп отырған блогер. Фото: pixabay.com

Мәжілістің жалпы отырысында блогерлердің заңсыз ақпарат таратуына тосқауыл қою мәселесі көтерілді. Бұл туралы депутат Анас Ахатұлы депутаттық сауал жолдап, жалған ақпарат тарататындарды шектеу керектігін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ауыл" партиясы фракциясының депутаттары ел премьер-министрі мен бас прокурорға депутаттық сауал жолдап, қаржы пирамидаларына жарнама жасап, түрлі хайп ұйымдастыратын, жалған ақпарат тарататын блогерлерді заңмен шектеу мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, мұндай блогердердің "көпшілігі ел алдындағы беделін, атақ дәрежесін пайдаланып, халыққа көмек жасап жатқандай сыңай танытып, әлеуметтік желілерде түрлі хайп ұйымдастырумен әлек".

"Осыдан он шақты жыл бұрын блогер деген сөз алғаш қазақ қоғамына енген кезде біз оларды сапалы контент жасайтын жас мамандар деп қабылдаған едік. Алғашында бәлкім, солай болған да шығар. Бірақ қазір блогер деген кім? Қазір өзін блогермін деп жүргендердің дені ақпараттың рас-өтірігін тексермей, оңай жолмен баю мақсатында кез келген адамға жала жабудан тайынбайтын, бопсалап ақша табатын атаққұмар елдің берекесін бұзып, қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдар. Өзін блогер санап жүргендердің басым бөлігі шын мәнінде блогтың не екенін түсініп жүр деп айта алмаймыз. Көпшілігі ел алдындағы беделін, атақ дәрежесін пайдаланып, халыққа көмек жасап жатқандай сыңай танытып, әлеуметтік желілерде түрлі хайп ұйымдастырумен әлек. Дәл осы блогерлер талай жылдан бері ұмыт болған қаржылық пирамиданың жандануына себеп болғанын бәріміз жақсы білеміз. Сол алаяқтарға сеніп қалған қаншама адам суицид жасады, қаншауы денсаулығынан айырылды, тағы қаншамасы үйсіз-күйсіз қалып, қаңғырып кетті", - дейді депутат Асхан Алханұлы.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерді пайдаланып, азаматтар мен үйымдардың құқығы мен заңды мүдделеріне зиян келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін блогерлерге қойылатын шара қарастырылмаған. Сол себепті оларда ешқандай жауапкершілік жоқ, дейді халық қалаулысы.

"Артын зерттеп, шындық па, жоқ па бастарын қатырмайды. Бастысы шу, бастысы сөз. Кімнің болмасын алдында дікеңдеп, беттен алып, жеке басына тиіседі. Сөз бостандығы деген осы ма? Біз осылайша тұтастай бір мамандықты қор қылып отырмыз. Журналистердің көбі жұмыссыз. Олардың білімі де, талабы да бар. Олардың блогерлерден айырмашылығы - тек әдептілігінде. Сондықтан да жұмыссыз шығар", - дейді депутат.

Ол тез арада БАҚ туралы заңды пысықтап, мәжілістің ашық талқылауына енгізу қажеттігін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019141-xaip-uiymdastyrumen-alek-maziliste-blogerlerdin-qyzmetin-zanmen-sekteu-maselesi-koterildi/

pixel