Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтардан шок болып жатыр": қарақшыларға тойтарыс берген қазақ жігіті АҚШ-та танымал болуда (видео)

Опубликовано:

Олжас Қаныбек
Олжас Қаныбек. Фото: Іnstagram.com/oljas.kanybek

АҚШ-та қарақшыларға тойтарыс беріп, батылдығы мен ержүректігінің арқасында танымал болған қазақ жігіті Олжас Қаныбек осы оқиғадан кейін америкалық телеарнаға сұхбат берген. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Еске сала кетсек, сәуір айында Майамиде білім алып жатқан Олжас Қаныбекке қарулы қарақшылар шабуыл жасаған болатын. Алайда жас жігіт қарақшыларға тойтарыс беріп, қаруларын, телефонын тартып алып, жергілікті полицейлердің өзін таңғалдырған болатын.

Осы жайттан кейін Олжасқа қазақстандық БАҚ өкілдері ғана емес АҚШ-тың журналистері де қызығушылық танытқан.

"Американың басты телеарналарының біріне үш қарақшымен төбелес жайында интервью бердім. Америкалықтар "сен аңызсың" деп қазақтардан шок болып жатыр.

Интервью барысында америкалықтар біліп жүрсін деп қазақтар жайында көп мағұлмат айттым. Қоңыраттар тайпасы жайлы да айттым. Қазақты кинода мазақ қылған Боратқа "абайла бала" деп салем жолдадым", – деп жазды Олжас желіде.

Олжас жариялаған кадрларға қарағанда, ол NBC телеарнасының тілшісіне сұхбат берген. Сондай-ақ кадрдан бағдарлама жүргізушісі мен журналисінің қазақстандықтан естіген әңгімеге таңғалып жатқанын байқауға болады.

"Менің ашуым келді, адреналин көтеріліп кетті. Олар менің басымнан тапаншамен ұрды, содан басымда тыртық қалды", – дейді Олжас Қаныбек телеарнаға берген сұхбатында.

Телеарнаның хабарлауынша, қарақшылар Олжастың Қазақстандағы отбасына жібермек болған сөмкедегі ақшасын ұрлап кеткен. Жергілікті полиция бұл оқиға бойынша тергеуді жалғастыруда.

Сондай-ақ бұл келеңсіз жайттан кейін Олжас Қаныбектің желіде танымалдығы артқан. Оған 24 мыңнан астам адам жазылған.

Олжас АҚШ-та ұшқыш болу үшін оқып жатыр және желіде оқу-жаттығу рейстерінен бейнероликтерді жиі бөліседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019168-boratqa-salem-zoldadym-qaraqsylarga-toitarys-bergen-qazaqstandyq-zigit-amerikalyq-arnanyn-efirine-syqty/

pixel