Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kaspi.kz E+Awards халықаралық маркетинг байқауында гран-при мен екі «алтын» жүлдеге ие болды

Опубликовано:

Награда E+Awards
Фото: Kaspi.kz

Орталық Азияда алғаш рет ең тиімді жарнамалық науқандар, маркетингтік және коммуникациялық шешімдерге арналған E+Awards халықаралық байқауы өтті.

Kaspi.kz байқаудың абсолютті жеңімпазы атанды. «Тұрақты жетістік» номинациясы бойынша Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесін ұйымдастырғаны үшін қазақстандық компания екі марапатқа ие болды: гран-при және «алтын». Сондай-ақ Kaspi.kz «Сәлеметсіз бе! Мен сіздің Kaspi Гид-іңізбін» науқаны үшін «алтын» иеленді. Қазылар алқасы Kaspi.kz-пен жұмыс істегені үшін Gforce/Grey-ді (Қазақстан) Орталық Азиядағы жылдың ең тиімді агенттігі ретінде таныды.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:

«Біздің миссиямыз – сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық сервистер жасау. Бірінші кезектегі міндетіміз – теңдесі жоқ сапалы сервистер мен өнімдер жасау. Сүйікті клиенттерімізге өнімдер туралы жарнамалық науқандар арқылы жеткізуге тырысамыз. Халықаралық байқаудың қазылар алқасы командамызға ең жоғары марапат бергеніне қуаныштымыз. Kaspi.kz-тің сервистерін пайдаланғаны үшін және бізді үнемі дамуға, инновацияларға шабыттандырып отырғаны үшін әр клиентіміз бен серіктесімізге рақмет айтамыз!»

52 сарапшыдан тұратын беделді қазылар алқасы брендтің танымал болуы (Brand Awareness), сіңіп кету (Penetration), брендке деген қызығушылық (Consideration), сатып алушылардың сатып алу ниеті (Purchase lntent) және брендті көрнекілендіру (Brand lmage Attributes) сияқты көрсеткіштер бойынша компанияны көшбасшы деп таныды.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің банк және басқа да операцияларды және құнды қағаздар нарығында қызмет жүргізуге 2020 жылғы 03 ақпанда берген №1.2.245/61 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019327-kaspikz-eawards-xalyqaralyq-marketing-baiqauynda-gran-pri-men-eki-altyn-zuldege-ie-boldy/

pixel