jitsu gif

Үйлену тойда жастарға ерекше сыйлық жасаған қыз жолдас пен жігіт жолдасқа жұрт сүйсінді

жігіт жолдас пен қыз жолдас
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде үйлену тойда екі жасқа ерекше сыйлық берген жігіт жолдас пен қыз жолдастың видеосы тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан отау құрған екі жасқа қыз жолдас пен жігіт жолдастың ерекше сыйлық жасағанын байқау қиын емес.

"Қыз жолдас екеуміздің атымыздан ерекше сыйлық. Отау құрып, отбасы болып жатырсыздар, сол шаңыраққа қажетті робот-шаңсорғыш", - деді жігіт жолдас.

Бұны көрген желі оқырмандары жігіт жолдас пен қыз жолдастың сыйлығын жоғары бағалап, тілектерін жеткізді.

"Өте керемет сыйлық", "Осындай сыйлықты бірінші рет көріп тұрмын", "Жігіт жолдас пен қыз жолдас та ақылды екен", "Дос деген осындай болу керек", "Қыз жолдас та, жігіт жолдас та білімді секілді. Оларға да бақыт тілеймін", "Жастар бақытты болсын", "Достықтарыңа сызат түспесін", - деді олар.

Үйлену тойда жастарға ерекше сыйлық жасаған қыз жолдас пен жігіт жолдасқа жұрт сүйсінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.