jitsu gif

Алдағы мерекелік демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Жаңбырдан кейінгі шөп
Жаңбырдан кейінгі шөп. Көрнекі сурет: pixabay.com

“Қазгидромет” РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 6-8 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болуы мүмкін. Атап айтқанда, найзағай мен жаңбыр, бұршақ жауады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжамынша, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады.

Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде күн құрғақ және ашық болуы мүмкін, бұл ретте ауа температурасы жоғарылауы жалғасады.

Сонымен қатар түнде еліміздің көп бөлігінде -1...-7 градусқа дейін күн суытып, үсік жүруі мүмкін. Одан бөлек, Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады деп болжануда.

Алдағы мерекелік демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.