jitsu gif

"Шошытпаңдар": желіде Түлкібасқа келін боп түскен кореялық қыздың беташар рәсімінен видео таралды

Кореялық келіннің беташар рәсімі
Кореялық келіннің беташар рәсімі. Фото: instagram/kyn.kz

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының Түлкібас ауданына түскен кореялық келіннің беташар рәсімінен видеолар тарады, деп хабарлайды KYN порталы.

Желіде таралған мәліметтерге сәйкес, түлкібастық жігіт Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп, сол жақта кореялық қызбен көңіл қосқан.

Екі жас үйлену туралы шешім қабылдап, қазақ дәстүріне сай шетелдік келіннің беташары өткен.

Видеодан кореялық келіннің бұл дәстүрді түсінбей, айналаға үрке қарап тұрғанын байқауға болады.

Беташарға келгендердің бірі бейтаныс дәстүрді түсінбей тұрған келінді қызықтаған халыққа: "Шошытпаңдар",- деп ескерту жасаған.

Одан бөлек, ауыл тұрғындары кореялық келінді қызықтап, оған орамал тағып, әжелерімен таныстырған.

"Шошытпаңдар": желіде Түлкібасқа келін боп түскен кореялық қыздың беташар рәсімінен видео таралды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.