jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Өзбекстан азаматтары
Өзбекстан азаматтары. Фото: Telegram/@mgorod_kz

ҰҚК шекара қызметінің БҚО бойынша департаментінің мәліметінше, 29 сәуірде тепловизордың арқасында жеті адамның бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтіп, Қазақстан мен Ресей шекарасынан заңсыз өтпек болғаны анықталды. Бұл туралы "Мой город" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Шекарадан өтпек болғандар қозғалыс тепловизорына анық жазылған, бұл шекара қызметкерлеріне заңсыз әрекетті дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік берді. Құқық бұзушылар ұсталды. Олар шекара кесуге құқығы болмағандықтан, Қазақстан мен Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпек болды", - делінген министрлікте.

Өзбекстан азаматтары жауапқа тартылып, елден қуылды.

ҰҚК биыл төрт айдың ішінде 350-ден астам шекара бұзушы ұсталғанын айтты.

"Орталық Азия елдерінің азаматтары жақсы өмір іздеу мақсатында немесе Еуропа елдеріне көшу үшін шекараны заңсыз кесіп өтуге тырысады. Олар көбіне Қазақстан мен Ресей азаматтары болып табылатын заңсыз көші-қон жолдарын ұйымдастырушыларға жүгінеді, ал заң бұзушылар үлкен ақшалай сыйақы алу ниетте өздерінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыруға уәде береді. Алайда бұл да алаяқтықтың бір түрі", - деп ескертті департамент.

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.