jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Атыраулықтар суға зәру Камерун тұрғындарына құдық қазып берді

Атыраулықтар Камерун тұрғындарына құдық қазып берді
Құдықтың ашылуы. Фото: Асылбек Өтегеновтің мұрағатынан

Атырау облысы Мақат ауданының тұрғындары Африкадағы Камерун елінің тұрғындарына су тартып беруге көмектесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мақат ауданының тұрғындары 500 мың теңге қаражат жинап, ауыз суға зәру болып ортырған камерундықтарға су құдығын қазып берген. Құрылыс жұмыстарын екі апта уақытта бітірген.

Ал Камерун тұрғындары алғысын айтып, видео жолдаған.

"Бұл ой Рамазан айында туындады. Аудан жастары болып игі іс жасауды жөн көрдік. Идеямызды ауданның басқа тұрғындары да қолдай кетті. Бір аптаның ішінде 500 мың теңге қаражат жинадық. Ақша сол жақтағы қайырымдылықпен айналысатын қорға жолданды. Су құдығының ашылу салтанатынан бізге фотоесеп, видео жіберді. Олармен Telegram арқылы байланысқа шықтық", - дейді дейді Мақат ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Асылбек Өтегенов.

Мақаттықтар осымен екінші рет Африка жұртшылығына көмек қолын созған. Осыған дейін олар Рамазан айының рақымшылығын сезінсін деген мақсатта 60 баланы тамақтандырды.

"Жетімдер үйінің реквизиттерін алып, өздері жіберген арнайы шотқа жастар болып жиналып ақша аудардық. Сол ақшаға 60 балаға ауызашар ұйымдастырылды. Ол жақтағы ұйымдастырушылар барлық құжатты, фотоесепті уақытылы жіберіп отырады",- дейді Асылбек Өтегенов.

Авторы: Әйгерім Сайқын

Атыраулықтар суға зәру Камерун тұрғындарына құдық қазып берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.