Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысынан Астанаға дейін 500 км жүгірген әскери қызметкер рекорд орнатты (фото)

Опубликовано:

Бауыржан Әбдіхайым
Бауыржан Әбдіхайым. Фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайты

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі, ефрейтор Бауыржан Әбдіхайым бес күнде 500 километр жүгіріп, рекорд орнатты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәлімдеуінше, марафоншы Бауыржан Әбдіхайым Қарағанды облысының Ақжал ауылынан елордаға дейінгі аралықты жүгіріп өткен.

Ол өзінің ультра жүгірісін Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арнады.

"Бұл менің ғана жеңісім емес, осы күндері қасымда болып моральдық тұрғыда мені қолдаған барлық әріптесім мен туыстарым, достарымның жеңісі. Олардың сенімі мен үмітін ақтау үшін бәрін жасадым. Әрине, оңай болған жоқ, бірақ алға қойған мақсатқа табандылықпен ұмтылғанда ғана нәтиже болатынын дәлелдедім", – деді рекордсмен.

Қарағанды облысынан Астанаға дейін 500 км жүгірген әскери қызметкер рекорд орнатты
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жеңіл атлет жастарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спорт тек дене шынықтыруды ғана емес, ерік-жігерді нығайтып, жауынгерлік мінезді қалыптастыруға тәрбиелейтінін атап өтті.

Марафоншымен бірге бір қарқынды ұстап тұру үшін 61993 әскери бөлімінің екі әскери қызметшісі – капитан Асылбек Адеитов пен ефрейтор Бекзат Сейітжан кезек-кезек жүгірген.

Қарағанды облысынан Астанаға дейін 500 км жүгірген әскери қызметкер рекорд орнатты
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"Қазақстан рекордтар кітабының өкілі спортшының бұл марафоны айрықша екенін және бұл олардың басылымына енгізілгенін растады. Енді әскери қызметші Бауыржан Әбдіхайымның әлемдік рекордты бекітуге өтінім бермек ниеті бар", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінен.

Қарағанды облысынан Астанаға дейін 500 км жүгірген әскери қызметкер рекорд орнатты
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бауыржан Әбдіхайым – Түркістан облысы Қарақоныр ауылының тумасы. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының коменданттық взводында қызмет етеді.

Сондай-ақ биыл Алматыда өткен Наурыз мерекесі кезінде ол 50 келі қошқарды 2050 рет көтеріп, өз рекордын жаңартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019687-qaragandy-oblysynan-astanaga-deiin-500-km-zugirgen-askeri-qyzmetker-rekord-ornatty-foto/

pixel