Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда жаңа туған нәрестені сатпақ болған адам ұсталды

Опубликовано:

Нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

Маңғыстаулық полицейлер жаңа туған нәрестені саудалау фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, Маңғыстау облыстық полиция департаментіне қарасты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа туған нәрестені саудалау фактісі бойынша жедел ақпарат келіп түскен.

"4 мамыр күні 13:00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдер тәркіленді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.

Бұл дерек бойынша Маңғыстау облысы полиция департаментіне Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019773-mangystauda-zana-tugan-naresteni-tugan-satqan-adam-ustaldy/

pixel