jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"31 градус ыстық": 9 мамыр еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Гүлдеген жеміс ағашы
Гүлдеген жеміс ағашы. Көрнекі фото: pixabay.com

Сейсенбі, 9 мамыр синоптиктер Қазақстанның мегаполистері - Алматы, Астана және Шымкентте күн ыстық болып, жауын-шашын да күтілмейді деп болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елордада күндіз ауа температурасы +21...+23 градусқа дейін көтерілсе, түнде +11...+13 градусқа дейін төмендейді. Күндіз желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін жетеді.

Бүгін Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз термометр бағаны +23...+25 ​​градусты көрсетсе, түнде +9...+11 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Метеорологтар 9 мамыр Шымкентте ауа температурасы күндіз +29...+31 градусқа дейін ыстық болса, түнде +11...+13 градусқа дейін төмендейді деп болжады. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді деп күтілуде.

"31 градус ыстық": 9 мамыр еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.