Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда әкесі екі жасар қызын көршісіне қалдырып, кейін таппай қалған

Опубликовано:

Ойын алаңындағы бала. Көрнекі сурет
Ойын алаңындағы бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көкшетаулық полицейер екі жасар қызын көршісіне қалдырып, кейін таппай қалған әкеге қызын тауып берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа порталдың жазуынша, 11 мамыр күні Көкшетаудағы полиция басқармасының жедел басқару орталығына жергілікті тұрғын хабарласқан.

Ол шұғыл жұмысқа шақырылып, екі жасар қызын таныс көршісіне, қарт адамға қалдыруға мәжбүр болғанын, ал қайтып келгенде қызын таппай қалғанын хабарлаған.

Ер адамның айтуынша, қызы зейнеткердің қасында болмай шыққан.

Полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнына дереу барып, бастапқы іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Тәртіп сақшылары қыз бала баруы мүмкін барлық жақын аумақ пен бағыттарды тексеріп шыққан. Іздестіру шараларының нәтижесінде Көкшетау қаласы ПБ ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Қуат Қажымов пен Нұртілеу Аманжол бүлдіршінді тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен тауып алған.

Белгілі болғандай, қарт көршісі аулада қыз баламен жарты сағаттай жүріп, кейінірек кәрілікке байланысты, баланы кім қалдырғанын ұмытып, бүлдіршінді таныс зейнеткерге апарып беріп, бұл туралы ұмытып кеткен.

Полиция бүлдіршінге қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағанын, қазір бала ата-анасына табысталып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020275-koksetauda-akesi-eki-zasar-qyzyn-korsisine-qaldyryp-keiin-tappai-qalgan/

pixel