Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды

Опубликовано:

Абылай Мырзахметов
Абылай Мырзахметов. Фото: "Атамекен" ҰКП

"Атамекен" ҰКП бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Астана қалалық соты ресми сайтында хабарлады.

"2023 жылғы 12 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Абылай Мырзахметовке қатысты 2 айға мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген қалалық соттың хабарламасында.

Еске сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 10 мамырда Абылай Мырзахметовті ұстаған болатын.

Ол алаяқтықпен кәсіпкерді, оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020383-abylai-myrzaxmetov-eki-aiga-qamauga-alyndy/

pixel