Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ералы Тоғжанов 60 жас мерейтойын Ақтөбедегі қымбат мейрамханада атап өткені рас па

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов. Фото: primeminister.kz

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жақында 60 жасқа толды. Желіде облыс әкімі "мерейтойын Ақтөбедегі мейрамханалардың бірінде атап өткені" жайлы жазба пайда болды. Бүгін, 17 мамырда Астанада өткен брифингте Ералы Тоғжанов бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram-дағы жазба авторының сөзінше, әкімнің мерейтойы қаладағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде болған. Сондай-ақ жазбада қызметтік көлігімен келген шенеуніктер туралы айтылады.

"Бюджеттің ақшасымен, жеке қызметтік көлікпен келуге болатын болса, артық ақша жұмсаудың қажеті не?! ", - делінген жазбада.

Автор бірнеше қызметтік көліктің фотосын бірге жариялаған.

Бүгінгі брифинг барысында аталған ақпаратты Ералы Тоғжанов жоққа шығарды.

"Біздің үйде туған күн атап өтудің өз дәстүрі бар, біз әдетте менің туған күнімді 12-сінен 13-іне қараған түні атап өтеміз. Балаларым, жақын достарым құттықтайды. 2018 жылы туған күнімде Астанада болдым, олар (балаларым - ред.) маған айтпай менімен бір ұшақта ұшып келген екен. Сондықтан туған күнімді отбасыммен бірге атап өтемін. Былтыр Қарағандыда үлкен сапарда болдым, ал биыл туған күнімде, журналистер біледі, 13 мамыр жұмыс күні болды. Сол күні таңертең мен алыс ауданға, Қобда ауданына бардым. Онда су тасқынына байланысты құрылыс жүріп жатқанын білесіздер. Одан басқа да істеліп жатқан жобалар бар: "Ауыл аманаты", бөгет құрылысын көріп қайттым. Түстен кейін балалар үйіне бардым, спорттық шаралар болды, сондықтан кешкі сағат 8-ге дейін мен жұмыс режимінде болдым. Бәлкім, адамдар туған күнді міндетті түрде бір жерде атап өту керек деп ойлайтын шығар. Ал қызметтік көліктерге келер болсам, менде ол туралы ақпарат бар, тиісті қызметтерге нұсқау бердім. Мендегі мәлімет бойынша сол күні бірде-бір мемлекеттік көлік ол жерде болмаған", - деді Ералы Тоғжанов брифингте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020901-eraly-togzanov-60-zas-mereitoiyn-aqtobedegi-qymbat-meiramxanada-atap-otkeni-ras-pa/

pixel