jitsu gif

АҚШ-та тұратын Қазақстан азаматы Шварцнеггерді көшеде кездестіргеніне мақтанды (видео)

Арнольд Шварцнеггерге ұқсас адам
Видеодан кадр. Скриншот: Instagram / @marlenov__b

Болатбек Марленов есімді Қазақстан азаматы жолда келе жатып Арнольд Шварцнеггерді кездестіргенін айтып, мақтанды. Ол Лос-Анджелес көшелерінің бірінде атақты актерге ұқсайтын адамды видеоға түсіріп, Instagram парақшасында жариялаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-та тұратын қазақстандық өзінің Instagram парақшасында көлікпен қаланы қалай аралап жүргені туралы шағын видео жариялаған. Видео авторы жол жиегінде Арнольд Шварцнеггерге ұқсайтын фэтбайк теуіп келе жатқан адамды байқап, видеоға түсіріп алған

Оның сөзінше, әйгілі актерге ұқсайтын адамға амандасқан кезде ол жауап берген.

"Шварцнеггер мырза, саған "қайырлы таң" тілеген кезде", - деп жазған автор видеоның астына.

Сондай-ақ, ол Калифорнияның бұрынғы губернаторын белгілеп, "Лос-Анджелестегі өмір осындай" деп жазды.

"Тірі аңыз", "Резеңке етікпен велосипед теуіп жүр", "Жолың болып, шынайы өмірде кездестірдің, ал біз оны тек теледидардан көре аламыз", "Америкада бәрі оңай-ақ", - деп таңғалды пікір білдірушілер.

АҚШ-та тұратын Қазақстан азаматы Шварцнеггерді көшеде кездестіргеніне мақтанды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.