jitsu gif

Алматы мектептерінде соңғы қоңырау барлық сынып үшін соғылмайды

Қоңырау ұстаған оқушы
Қоңырау ұстаған оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласындағы мектептерде барлық сынып үшін соңғы қоңырау соғылмайды. Оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара 4, 9 және 11-сынып оқушылары үшін ғана өткізіледі. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жанат Айтпаева Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, оқу жылы биыл 31 мамырда аяқталатынын еске салды.

Оның айтуынша, соңғы сабақ күні барлық мектеп бекітілген кестеге сәйкес өз сабақтарын өткізеді және оқу күнін сынып сағатымен аяқтайды.

"Сынып сағатының мақсаты - оқу жылын қорытындылау және жазғы демалыс кезеңіне балаларды дайындау", - дейді ол.

Жанар Айтпаеваның сөзінше, сынып сағаттарының сценарийлерін педагогтер әр сыныптың жас ерекшелігін ескере отырып, өз бетінше әзірлейді. Ал оқу жылының соңғы күніндегі сынып сағаты патриотизм, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту тақырыптарына арналуы керек.

Қалалық білім басқармасы өкілі ал, 1 маусым күні 4, 9 және 11-сынып оқушылары үшін оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара өткізілетінін атап өтті.

"Біз оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны өткізуге қатысты барлық мектеп дәстүрлерін қолдай отырып, мектептер салтанатты жиын өткізу туралы шешімді дербес қабылдайтынын хабарлаймыз", - дейді Жанат Айтпаева.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.