jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың TikTok, Instagram, Facebook желісіне кіруін шектеу жоспарлануда

TikTok желісі
TikTok логотипі. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда балаларға ата-аналарының рұқсатынсыз бірқатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркелуін шектеу жоспарлануда. Тиісті жоспардың жобасы "Ашық" НҚА порталында жарияланды.

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023- 2025 жылдарға арналған "Бала қорғау" кешенді жоспары "Ашық" НҚА порталында 23 мамыр күні жарияланған болатын.

Құжатта көптеген ұсыныс айтылған. Солардың бірі - кәмелетке толмағандардың Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларына заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркелуін шектеу туралы ұсыныс.

Сондай-ақ аталған кешенді жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. "Балалардың зорлық-зомбылықтан және оларға қатыгездіктен қорғау құқығын іске асыру";
  2. "Білім алушылардың педагогикалық қолдау құқығын іске асыру, балалардың суицидтік және аутоагрессивті мінез-құлқының алдын алу және түзету";
  3. "Қазақстандық балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы";
  4. "Ақпараттық сүйемелдеу".

Құжат 6 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Қазақстанда балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстардың жиілеп кеткенін айтып, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау шараларын заңмен күшейту қажеттігін айтқан еді.

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың TikTok, Instagram, Facebook желісіне кіруін шектеу жоспарлануда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.