Қазақстанда кәмелетке толмағандардың TikTok, Instagram, Facebook желісіне кіруін шектеу жоспарлануда
Жарияланған күні:
Қазақстанда балаларға ата-аналарының рұқсатынсыз бірқатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркелуін шектеу жоспарлануда. Тиісті жоспардың жобасы "Ашық" НҚА порталында жарияланды.
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023- 2025 жылдарға арналған "Бала қорғау" кешенді жоспары "Ашық" НҚА порталында 23 мамыр күні жарияланған болатын.
Құжатта көптеген ұсыныс айтылған. Солардың бірі - кәмелетке толмағандардың Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларына заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркелуін шектеу туралы ұсыныс.
Сондай-ақ аталған кешенді жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:
- "Балалардың зорлық-зомбылықтан және оларға қатыгездіктен қорғау құқығын іске асыру";
- "Білім алушылардың педагогикалық қолдау құқығын іске асыру, балалардың суицидтік және аутоагрессивті мінез-құлқының алдын алу және түзету";
- "Қазақстандық балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы";
- "Ақпараттық сүйемелдеу".
Құжат 6 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Қазақстанда балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстардың жиілеп кеткенін айтып, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау шараларын заңмен күшейту қажеттігін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021931-qazaqstanda-kameletke-tolmagandardyn-tiktok-instagram-facebook-zelisine-kiruin-sekteu-zosparlanuda/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.