jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"30 градус ыстық, жауын-шашынсыз": бүгін Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Кішкентай қыз жасыл желектің ортасында
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер бүгін, 27 мамырда еліміздің үш ірі қаласында да жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжады. Бүгінгі ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Астанада жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп, күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны +21...+23 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +7...+9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с жетеді деп болжанған.

Сенбі Алматыда ауа райы көшпелі бұлтты, алайда жаңбыр жаумайды. Оңтүстік астанада ауа температурасы күндіз +24...+26 градусқа жоғарыласа, түнде +11...+13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с дейін жетеді.

Синоптиктер 27 мамыр Шымкентте көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжады. Күндіз ауа температурасы +28...+30 градусқа дейін көтерілсе, түнде ауа температурасы +14...+16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с деңгейінде болады.

"30 градус ыстық, жауын-шашынсыз": бүгін Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.