jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алматыда найзағай, Шымкентте аптап ыстық: жексенбіде мегаполистерде ауа райы қандай болады

Жаңбырлы күнде қолшатыр ұстаған ер адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жексенбі, 28 мамырда Астана мен Шымкентте күн ашық болады, Алматыда дауылдық ескерту жарияланды. Ағымдағы ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Синоптиктердің болжауынша, Алматыда бүгін күндіз 22-24 градус ыстық болады, түнде ауа температурасы 10-12 градусқа дейін төмендейді. Сондай-ақ қалада найзағай ойнап, екпіні секундына 15-20 метрге жететін қатты желге байланысты дауылдық ескерту жарияланды.

Астанада бүгін жауын-шашын күтілмейді, күндіз термометрлер 22-24 градусқа дейін көтерілсе, түнде 10-12 градусқа дейін төмендейді. Елордада желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.

Шымкентте синоптиктердің болжауынша жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Күндіз 29-31 градус ыстық, түнде 15-17 градус жылы. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Алматыда найзағай, Шымкентте аптап ыстық: жексенбіде мегаполистерде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.