Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор полиция генерал-майоры Берік Біләловке қатысты іс бойынша тергеуді аяқтады

Опубликовано:

Берік Біләлов. Фото
Берік Біләлов. Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram-дағы ресми арнасында полиция генерал-майоры Берік Біләловке қатысты іс бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Берік Біләлов 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату желеуімен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленді деген күдікке ілінген.

"Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тлеукенов.

Агенттік Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетінін атап өтті.

Еске салсақ, генерал-майор Берік Біләлов биыл ақпан айында ұсталған болатын. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті оның ұсталғанын растап, бірақ ол ұсталған кезде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қатарында болмағанын атап өткен еді.

Кейін ІІМ Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу қаражатты алаяқтық жолмен иемдену туралы өтініштен кейін басталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022438-antikor-policiya-general-maiory-berik-bilyalovqa-qatysty-tergeudi-ayaqtady/

pixel