Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ван Дамды жолда қалдырады": той кезінде ортаға билеп шыққан ер азамат жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

ер адам
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде тойда би билеп, қонақтардың көңілін көтерген ер азаматтың видеосы тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан ер азаматтың мерекелік шара кезінде ортаға билеп шығып, сальто жасағанын байқау қиын емес.

Бұны көрген желі оқырмандары той қонағының әрекетіне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін жазып қалдырды.

"Ағамызға ерекше көңіл күй үшін рақмет", "Тойға келген соң дәл осылай жүру керек", "Он рет қараған шығармын. Не деген энергетика", "Өмір жасы ұзақ болсын. Өте жақсы адам екені көрініп тұр", "Қандай керемет көрініс", "Өзінің де өзгенің де көңілін көтеретін азаматтарға ризамын", "Жарайсың бауырым", " Ағамыз бабында екен", "Кейде тойға барсаң, өзінше болып отыратын қонақтарды көресің. Сырттай сыйламай отырғандай көрінеді. Сондай уақытта сыйламайтын болса, неге келеді, деген де ой мазалайды. Оның жанында бұл жігіттікі жарасымды", "Позитивті екен", "Бәрі де жарасып тұр", "Сальтосы күшті кетті", "Ван Дамды жолда қалдыратын жігіт екен" - деді олар.

Пікір жазғандардың арасында ер азаматқа салмақты болу керектігін ескерткендер де табылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін үйлену тойда екі жасқа жігіт жолдас пен қыз жолдастың ерекше сыйлық бергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022450-van-damdy-zolda-qaldyrady-toi-kezinde-ortaga-bilep-syqqan-er-azamat-zurtty-tangaldyrdy-video/