Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қала күніне орай Ақтөбеде "АРТ FEST" фестивалі өтті

Опубликовано:

АРТ FEST
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мәдени-әдеби алаңға айналған "Абай" гүлзарында "Ақтөбе – менің мақтанышым" тақырыбында қыл қалам шеберлерінің фестивалі өтті. Оған қала әкімі Мұрат Жөребеков, мәслихат хатшысы Анар Даржанова, депутаттар, қоғам белсенділері қатысты.

Фестивальге қала бойынша 150 оқушы, 15 кәсіби суретші, 20 студент қатысып, Ақтөбенің көркем келбетін кескіндеді. Қолөнершілерден құралған топ панно тоқып, Ақтөбенің эмблемасын таңбалады.

АРТ FEST
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан соң қалада өткен "Ақтөбе қаласының абаттандырылған ең үздік ауданы" байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жеңімпаздар қатарында Балауса, Есет батыр тұрғын алаптарының, Батыс-2 шағын ауданының, қаланың орталық бөлігінің кондоминимум басшылары, кәсіпкерлер, мектеп, колледждер, қала тұрғындары және т.б. бар.

АРТ FEST
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

5 номинация бойынша 15 жеңімпазға "Көппәтерлі тұрғын үйдің үздік ауласы", "Аумағы абаттандырылған ең үздік кәсіпорын мен ұйым", "Үздік аула сыпырушы", "Үздік безендірілген және абаттандырылған жеке үй" номинациялары бойынша сыйлық табысталды.

Айта кетсек, байқау қала әкімінің "Ақтөбе қаласының үздік абаттандырылған ауданы конкурсын өткізу туралы" қаулысы аясында өткізілді. Мұндағы басты мақсат - қоғам назарын тазалықты сақтауға көңіл аударуға, қаламызды көркейту мен абаттандыруға шақыру.

АРТ FEST
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022464-qala-kunine-orai-aqtobede-art-fest-festivali-otti/

pixel