jitsu gif branding logo appbranding logo app

Найзағай, 33 градус ыстық: Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

құстар
Құстар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 30 мамыр, сейсенбіге арналған еліміздің ірі қалалары Астана, Алматы және Шымкенттегі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың хабарлауынша, бүгін Алматыда жауын-шашын күтілмейді, күндіз термометр бағанасы 25-27 градусты көрсетеді, түнде ауа температурасы +11 ... +13 градус болады деп болжанады. Мегаполисте желдің жылдамдығы 2-7 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ал Астанада бүгін дауылды ескерту жарияланды - елордада найзағай ойнап, желдің жылдамдығы - 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде. Сынап бағанасы күндіз +29... +31 градусқа дейін көтерілсе, түнде +13.. +15 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктердің болжауынша, Шымкентте күн ыстық, жел күшеюі мүмкін. Мегаполисте күндіз ауа температурасы +31... +33 градусқа жетеді деп күтілуде, түнде сынап бағанасы +16... +18 градусты көрсетеді. Қалада желдің жылдамдығы 8-13 м/с, ал екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.