Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ауыл тұрғындары наразылық ретінде әкімдік алдына бір көлік қоқыс төкті (видео)

Опубликовано:

қоқыс
Қоқыс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылының тұрғындары қоқыс салынған қаптарды жергілікті әкімдік ғимаратының алдына төгіп тастады. Тұрғындар осылай қоқыс мәселесіне әкімдіктің назарын аударуға тырысуда. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, Түркістан облысындағы ең үлкен ауыл қоқысқа көміліп жатыр. Журналистер тазалыққа жауапты компания қоқыс шығармай, 60 мыңнан астам тұрғыны бар Қарабұлақ ауылындағы көшелер қазір ластанып жатқанын айтады. Тұрғындар жазда иісі мүңкіген қалдықтарды өз күшімен полигонға таситынын жеткізген.

Ал мердігер компания телеарнаға халықтың өзін айыптап, қоқыс шығаруға ақша төлемей жүргенін алға тартқан. Сондықтан тазалық жұмыстары саябырсыған. Телеарна тілшісінің айтуынша, 60 мыңнан астам тұрғыны бар Қарабұлақ пен маңындағы Арыс ауылында соңғы жылдары қоқыс жиналмайтын болған. Кей көшеге қалдық жинайтын жүк көлігі бір айда бір келсе, кейбіріне тіпті бас сұқпайтын көрінеді.

Қоқыс тау болып үйілгенде тұрғындар жалдамалы көлік шақырып, қалдықтарды полигонға өзіміз апарамыз деп отыр. Ауылдың қоқысын тазалауға тиіс компания бес жыл бұрын жұмысына кіріскен. Алайда тұрғындардың компания жұмысына көңілі толмай отыр.

"Басында 400 теңгеден төлейтін едік. 800 теңгеге шығарды, сонда да қоқыс шығармайды. Ауылдың бәрі толған қоқыс. Қоқыста өмір сүріп жатырмыз. Ондай компанияның не керегі бар? Одан гөрі шығарып тастасын немесе дұрыс компания келсін. Ақшасын төлеп жатырмыз", – дейді Полатжан Хайдаров.

Қоқысқа көмілдік деген жұрт ауыл әкімі мен қоқыс шығарушы компания басшыларына хат жазғанын айтады. Бірақ еш нәтиже болмаған. Сондықтан ашулы жұрт көшедегі қоқысты көлікке тиеп, әкімдіктің алдында тұрған шенеуніктер мен мердігерлерге шашты.

Ал тазалыққа жауапты компания басшысы бес жылдан бері тек шығынмен істеп жатырмыз дейді. Өйткені, мекеме өкілдерінің сөзінше, тұрғындар қоқыс шығаруға ақы төлемейді. Алайда телеарна тілшісіне ауылдың қанша қарыз екенін ашып айта алмаған.

"Біз халықпен жұмыс істеп, ақшасын төлесе, КамАЗ жүріп жатыр. Қазір біздің көлік тоқтап қалған жоқ, әлі жұмыс істеп жатыр. Төрт техникамыз бар: екі Газ23. Екі КамАЗ. Бірақ ақшасын төлемегендіктен, ақшамыз жоқ. Сондықтан бір ғана КамАЗ-бен қызмет көрсетіп жүрміз", – дейді "Медина-Н" компаниясының өкілі Ағабек Жанбеков.

Шенеуніктер қазіргі мердігердің техникасы жетіспейтінін айтады. Ауданда күл-қоқыс тазалаудың жаңа тарифін бекітіп, тендерді қайта өткізбекші.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022547-turkistan-oblysyndagy-auyl-turgyndary-narazylyq-retinde-akimdik-aldyna-bir-kolik-qoqys-tokti/

pixel