Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жоғалған ер адамды іздеуге тікұшақ жұмылдырылды (видео)

Опубликовано:

Таудағы тікұшақ
Құтқарушылар тікұшағы. Көрнекі фото: РЖҚЖ баспасөз қызметі

Атырау облысының Жылыой ауданында бір аптадан бері мал бағып жүріп жоғалып кеткен азаматты іздеп жатыр. Кеше іздеу жұмыстарына тікұшақ тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, із-түзсіз жоғалған азамат туралы хабарлама 24 мамырда түскен. Жылыой ауданындағы Құлсары қаласынан 70 шақырым жерде мал бағумен айналысып жүрген 1986 жылы туған азамат Ж.-ның шаруа қожалығынан шығып, қайтып оралмағаны белгілі болды.

Сол күні бірден іздеу жұмыстары ұйымдастырылған. Ер адамды іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен жоғалған азаматтың туыстары шыққан.

Іздеу шарасы күні бүгінге дейін жалғасуда. Кеше, 29 мамырда іздеу радиусын ұлғайту үшін құтқарушылар "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағын жұмылдырды.

Тікұшақтың бортында 5 экипаж мүшесі, 4 құтқарушы және жоғалған жігіттің туыстары бар екені атап өтілді.

Сонымен қатар қазір облыс құтқарушылары із-түзсіз жоғалған тағы бір адамды – 1963 жылы туған бақташыны іздестіріп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 мамыр күні сағат 14:00 шамасында Құрманғазы ауданынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Ж.Нажимеденов ауылына қарасты Қошалақ елді мекеніндегі шаруа қожалығынан мал іздеп шыққан ер адам қайтып оралмаған.

"Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда", – деп толықтырды департаменттен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022551-atyrau-oblysynda-zogalgan-er-adamdy-izdeuge-tikusaq-zumyldyryldy-video/

pixel