Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық құтқарушылар кір жуғыш машинаға кептеліп қалған қыз баланы құтқарды (фото)

Опубликовано:

Кір жуғыш машинада кептеліп қалған қыз бала
Кір жуғыш машинада кептеліп қалған қыз бала. Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысы Тереңкөл ауылында құтқарушылар кір жуғыш машинадан кептеліп қалған бес жасар қыз баланы алып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖД мәліметінше, бүгін таңғы сағат 11-ден кейін Павлодар облысы Тереңкөл ауылындағы өрт сөндіру бөліміне хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына баланы кір жуғыш машинадан шығарып алу үшін арнайы құрал-жабдығымен үш қызметкер келген.

"Кір жуғыш машина жартылай автомат. Бала барабаннан ойыншық алғысы келіп, ішіне кіріп, тізерлеп отырған. Кейін өздігінен шыға алмай қалған", - деп хабардар етті Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Кір жуғыш машинада кептеліп қалған қыз бала
Кір жуғыш машинада кептеліп қалған қыз бала. Фото: Павлодар облысы ТЖД

Құтқарушылар қыз баланы алып шығу үшін кір жуғыш машинаны ашқан. Ал бүлдіршін зардап шекпеген.

ТЖД өкілдері баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізгенін, оқиға кезінде қыздың анасының үйде болғанын атап өтті.

Құтқарушылар
Құтқарушылар кір жуғыш машинаны ашып жатыр. Фото: Павлодар облысы ТЖД

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022673-pavlodar-oblysynda-qutqarusylar-kir-zugys-masinaga-keptelip-qalgan-qyz-balany-qutqardy-foto/

pixel