Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз дос": билеп жүріп беташарға қомақты ақша тастаған жігіттер көптің талқысына түсті (видео)

Опубликовано:

беташар рәсімі
Беташар рәсімінде табаққа көп ақша салған жігіттер. Фото: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде үйлену тойда беташар табағына қомақты ақша салған ер азаматтардың видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті.

Бұл туралы видео shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан жігіттердің үйлену тойда беташар табағына билеп жүріп қомақты ақша тастағанын аңғару қиын емес.

Бұны көрген желі оқырмандарының пікірі екігі бөлінді.

Бірінші тарап екі ер адамға "нағыз дос" деген баға беріп, сыйластықтарының арта беруін тілеген.

"Нағыз азаматтар", "Ақкөңіл екендері көрініп тұр", "Достың тойында шашылмағанда, қашан шашылады?", "Халықтың көңіл күйін көтеріп тастады", "Бәрі де жарасып тұр", "Ақшасы бола тұра, досының, туысының тойында шашылғысы келмейтіндер көп. Олардың қасында екеуінікі дұрыс қадам", "Жігіттерге риза болдым", "Жарайсыңдар", "Достықтарыңа сызат түспесін", - деді олар.

Сонымен қатар тілек білдіргендердің арасында жігіттердің әрекетін мақтану, деп бағалағандар табылды.

"Дәл осылай мақтану дұрыс емес", "Мақтаншақтық алысқа апармайды", "Беташар табағына осылай ақша салғаннан, той иесіне бергені жақсы еді", "Ел жұрттың уақытын алмай, табаққа ақшаны тез салмай ма?", "Дарақылық", - деді желі оқырмандары.

Еске сала кетейік, бұған дейін үйлену тойда екі жасқа жігіт жолдас пен қыз жолдастың ерекше сыйлық бергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022693-maqtansaq-bilep-zurip-betasarga-qomaqty-aqsa-tastagan-zigitter-zurttyn-talqysyna-tusti-video/

pixel