Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 жыл еңбек өтілі бар мәдениет саласының ардагерлері ай сайын әлеуметтік көмек алады

Опубликовано:

Ақша санап отырған кассир
Кассир 10 мыңдықтарды санап отыр. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

20 жыл еңбек өтілі бар мәдениет саласының ардагерлері ай сайын әлеуметтік көмек алатын болды. Бұл туралы Жамбыл облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Асхат Оралов мәлімдеді деп, хабарлайды ведомство ресми сайтында.

"Қазақстанда балет, би ансамбльдерінің, мемлекеттік цирк артистері мен үрмелі аспаптар оркестрлерінің музыканттары ай сайын әлеуметтік көмек алатын болады. Орташа айлық еңбекақының 60 пайызы мөлшеріндегі арнайы ақшалай төлемді кемінде 20 жылдық кәсіби еңбек өтілі бар, кәсіби қызметін тоқтатқан сала ардагерлері алуға құқылы", – дейді Асхат Оралов.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде осы санаттағы әртістердің саны шамамен 200 адам.

Арнайы көмекті тағайындау Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен сала қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қорғау және қолдау мақсатында заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізудің нәтижесінде іске асқан.

Министрлік мұны аталған мамандардың жұмысы денсаулық пен өмірге қауіп төндірумен байланысты екенімен түсіндіріп отыр. Өйкені олар физикалық және психологиялық жүктеме жағдайында жұмыс істейді.

"Аталған мәселе жайында салалық кәсіподақ жиындарында, азаматтарды қабылдау кезінде, сондай-ақ халықпен кездесулер барысында да жиі айтылып келді. Белгілі бір жасқа жеткенде, физиологиялық және эстетикалық сипаттағы ерекшеліктерге байланысты көптеген әртіс зейнеткерлік жасты күтпестен кәсіптен кетеді.

Себебі 20-25 жылдық кәсіби қызметтен кейін көп жағдайда кәсіби ауруларға ұшырайды. Осыған байланысты министрлік сала ардагерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғау мақсатында ай сайынғы арнайы көмек тағайындады", – дейді Асхат Оралов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022729-20-zyl-enbek-otili-bar-madeniet-qyzmetkerleri-aleumettik-komek-alatyn-boldy/

pixel