jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбе облысында ауыл балалары заңсыз жұмыс істеген мектеп-интернатта білім алған

    оқушы
    Сабақ оқып отырған оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Ақтөбе облысында ауыл балалары тоғыз ай бойы құжаты жоқ интернатта білім алып жатқаны анықталды. Нәтижесінде көпбалалы отбасынан шыққан балалар мемлекеттің тиісті көмегін ала алмаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Прокурорлардың араласуымен Ақтөбе облысы Қобда ауданында көпбалалы отбасынан шыққан балалардың құқығы бұзылғаны анықталды. Ауылдан келген 15 бала құжаты жоқ интернатта білім алып жатқан.

    "Интернат қызметі жалпы білім беру мекемесінің жанында ұйымдастырылғанымен, оның құрылтай құжаттарында мүлдем көрсетілмеген. Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар мемлекет кепілдік берген тегін киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етілмеген", - дейді Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің өкілдері.

    Оқушыларға интернат ретінде берілген ғимарат санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына тексерілмеген. Прокуратура мәліметіне сүйенсек, интернаттағы асхана қызметкерлері медициналық тексеруден өтпей жұмыс істеген.

    Свежая публикация по теме:
    Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

    Прокуратура балалардың өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қараған лауазымды қызметкерлердің жауапқа тартылғанын хабарлады.

    "Егіндібұлақ елдімекенінде орналасқан И.Құрманов атындағы орта мектебі жанындағы интернат ғимараты мүгедектігі бар азаматтарға арналған әлеуметтік оңалту орталығына берілген. Интернат Қобыланды батыр атындағы орта мектебінің жанынан бұрынғы балалар үйінің ғимаратында 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап уақытша ашылды. Қазіргі таңда интернатта 15 тәрбиеленуші бар. Мектеп жанындағы интернаттың құрылтай құжаттары жаңа оқу жылына дейін дайын болады", - дейді Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

    Прокуратураның араласуынан кейін білім бөлімі мектеп-интернаттың жұмыс істеуіне қажетті барлық рұқсат құжаттарын алуға өтінім жолдады және балаларды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады.

    Материал авторы: Ардақ Ерубаева

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.