jitsu gif

"Құнанбайдың ізімен": Павлодарлық журналист Меккеге велосипедпен аттанды

велосипед
Велосипед. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарлық журналист Қожакелді Алданов Меккеге велосипедпен аттанды. Ол сапар барысында алты мемелекетті басып өтпек, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Республикалық "Спорт жұлдыздары" журналының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Қожакелді Алданов "Құнанбайдың ізімен Меккеге сапар" деп 28 мамыр күні Екібастұз қаласынан ұзақ жолға шыққан.

"Жексенбі күні жолға шықтым. Алғашқы аялдама - Астана қаласы. Ай барып, аман қайтып, қайта қауышу бұйырсын", - дейді Қожакелді Алданов.

Ұзақ сапарға аттанған журналист Қазақстан арқылы Әзербайжанға, одан ары Грузия, Түркия, Иордания және Сауда Арабиясына жетуді көздеп отыр. 

Сондай-ақ Меккеге жету үшін ол тағы екі теңізді кесіп өтпек.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.