Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын Орда" базарының қызметін прокурорлар мен полицейлер бақылауға алмақ

Опубликовано:

"Алтын Орда" базары
"Алтын Орда" базары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте республикадағы ірі сауда орны "Алтын Орда" базары жұмысының өзекті мәселелері қаралды. Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдар, Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдіктері, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомство басшылары қатысып, "Алтын орда" базарына қатысты мәселелерді талқылаған.

Ведомство мәліметінше, "Алтын Орда" базарында 5 мыңнан астам сауда орны бар, оған келушілер күніне шамамен 50 мың адамға жетеді. Базар Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көкөніс, ет өнімдері мен жемістердің көтерме саудасының 40 пайызын және бөлшек саудасының 70 пайызына дейін қамтиды. Оған тауарды негізгі жеткізушілер - отандық өндірушілермен қатар көршілес елдердің компаниялары.

Сонымен қатар күнделікті өнімнің үлкен ағынын ескере отырып, базарда аймақтық ауқымда бақыланбайтын олигополия құрылады. Бас прокуратура және мемлекеттік органдармен тексеру нәтижесінде санитариялық, ветеринариялық, экологиялық, су, еңбек, сәулет-құрылыс, өртке қарсы, салықтық бақылау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласында 300-ден астам Қазақстан заңнамасы нормаларын бұзушылық анықталды.

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Алматы облысы әкімдігінің деректері бойынша анықталған заң бұзушылықтар ішінара жойылды. Сонымен қатар кәсіпкерлер тарапынан бизнес жүргізуге қолайсыз жағдайлар туралы шағымдар саны артқан, бұл сайып келгенде тауарлар бағасының негізсіз өсуіне алып келеді.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр қолданыстағы заңнамаға сәйкес түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, "Алтын Орда" базарының қызметін ретке келтіру және бағаны қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру керектігін айтты.

Сондай-ақ оның аумағында барлық заң бұзушылық толығымен жойылғанға дейін прокуратура, ішкі істер органдары, БҚДА, ҚМА және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құралған тұрақты мобильдік топ құру тапсырылды.

Сонымен қатар Алматы агломерациясында сауда ағындарын теңестіретін және "Алтын Орда" базарының баға саясатына ықпалын азайтатын баламалы көтерме-сауда орталықтарын құру бойынша жұмыс жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022889-altyn-orda-bazarynyn-qyzmetin-prokurorlar-men-policeiler-baqylauga-almaq/

pixel