Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік күзет қызметі Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тоқтатуы мүмкін

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі бұдан былай еліміздің тұңғыш президентінің қауіпсіздігіне жауапты болмауы мүмкін. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекеттік күзет қызметі- Қазақстан республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан республикасы президентінің, басқа да күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган", - делінген құжатта.

Бұл ретте мемлекеттік кұзет құзыретіне "Қазақстан президентінің, тұңғыш президенті - Елбасының, басқа да күзетілетін адамдардың, объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жөніндегі күзет шаралары кіретіні бұрын айтылған болатын.

"Қазақстан республикасының тұңғыш президенті - Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшін жоюға байланысты түзетулер енгізіліп жатқаны хабарланған.

Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, мемлекеттік күзет қызметінің міндеттеріне:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы бағытталған құқық бұзушылықты анықтау, алдын алу және жолын кесу, бұлардың ықтимал жасалуына ықпал ететін мән-жайларды анықтау және өз құқықтары шегінде оларды жою үшін шаралар қолдану;
  • құқық бұзушылықтардан және жазатайым оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз күйде не денсаулығы мен өміріне қауіпті өзге де жағдайда болатын күзетілетін адамдарға көмек көрсету;
  • күзетілетін адамдардың жеке басының қауіпсіздігіне немесе күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін дайындалып жатқан құқықбұзушылықтар мен оқиғалар жөніндегі ақпаратты қабылдап алу; заңнамада көзделген шараларды уақтылы қолдану;
  • күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадір-қасиеті мен меншігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтау мен іздестіруде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсету;
  • күзетілетін адамдардың күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • авариялар, апаттар, өрт, табиғат зілзалалары және басқа да төтенше жағдайлар кезінде күзетілетін адамдарды құтқару және оларға алғашқы көмек көрсету жөнінде, сондай-ақ күзетілетін адамдардың жеке мүлкін және күзетілуге тиіс әрі қараусыз қалған өзге де мүлікті күзету жөнінде шұғыл шаралар қолдану;
  • Қазақстан Республикасы аумағында немесе жекелеген жерлерде төтенше немесе әскери жағдай енгізілген ретте заңға сәйкес күзетілетін адамдарға қатысты осындай жағдайдағы құқықтық режимнің қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ эпидемия мен эпизоотия кезінде күзетілетін адамдарға қатысты карантиндік шаралар жүргізілуіне қатысу;
  • Қазақстан Республикасының Президентін байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру.

Сондай-ақ, енгізілген өзгерістерге сүйенсек, мемлекеттік күзет қызметіне жүктелген міндеттерді орындау және олардың өкілеттіктерін жүзеге асыру басшылығын тек Қазақстан президентінің қауіпсіздігіне дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады;

Сонымен қатар құжатқа сәйкес, Назарбаев мемлекеттік күзет қызметкерлерін қызметке тағайындап және жұмыстан босата алмайды.

Құжат қоғамдық талқылауда 14 маусымға дейін болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022926-memlekettik-kuzet-qyzmeti-nazarbaevtyn-qauipsizdigin-qamtamasyz-etudi-toqtatuy-mumkin/

pixel