jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Бір тиын да кеткен жоқ": Ғани Бейсембаев оқу жылын ұзарту туралы шешімнің шығыны туралы айтты

Ғани Бейсембаев
Ғани Бейсембаев. Фото: primeminister.kz

Оқу ағарту министрі елорда мектептерінің бірінде өткен салтанатты іс-шарадан соң биылғы оқу жылының ұзаруына байланысты бюджет шығындары туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство басшысы Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзартылуына байланысты ел бюджетінде қосымша шығын жоқ деп сендірді.

"Оқу жылын ұзарту үшін бір тиын жұмсалмағанына сенсеңіз болады", - деп жауап берді министр.

Оның айтуынша, бұған себеп - мұғалімдердің осыған дейін де мамыр айының соңына дейін жұмыс істеген.

"Кей мұғалімдер 1 маусымнан демалысқа шығады, мысалы, бастауыш сынып мұғалімдері. Ал жоғары сынып мұғалімдері емтихандарын аяқтағанша жұмыс істейді. Олар шамамен 20 маусым 1 шілдеден кейін шығады (демалысқа - ред.). Сондықтан олар осыған дейін жалақыларын қалай алса, бұл жолы да дәл солай алатын болады. Бұл жерде ешқандай қаржылық шығын болған жоқ" , - деді министр.

Бұған дейін Ғани Бейсембаев қанша мектеп соңғы қоңырауды мерзімінен бұрын өткізгенін айтқан болатын.

"Бір тиын да кеткен жоқ": Ғани Бейсембаев оқу жылын ұзарту туралы шешімнің шығыны туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.