Jusan Bank қызметкерлері Балаларды қорғау күніне орай Республикалық балалар клиникалық ауруханасының емделушілеріне мереке ұйымдастырды
Жарияланған күні:
Бүгін, 1 маусым күні Алматыдағы Республикалық балалар клиникалық ауруханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға мереке ұйымдастырылды.
"Жыл сайын Jusan Bank Алматы филиалының ұжымы дәстүрлі түрде балаларға арналған қайырымдылық акцияларын өткізеді. Қызметкерлеріміз өз күшімен қаражат жинайды және соның көмегімен ауруханалар мен оқу орындарында балаларға мереке ұйымдастырамыз. Одан бөлек әрбір балаға арнайы сыйлықтар мен фирмалық мерч дайындаймыз», - дейді Алматыдағы Jusan Bank филиалының басшысы Әлішер Аманшаев.
Балалар мен олардың ата-аналары үшін банк химиялық тәжірибелер, би, файршоу, аниматорлар мен балалардың сүйікті тағамдарынан құралған қызықты әрі мазмұнды бағдарлама дайындады. Кішкентай пациенттердің көңіл-күйін көтеру және оларға жағымды эмоция сыйлау медициналық оңалту кезеңінде маңызды екенін ескерген банк, аурухананың әр бөлімшесіне ойыншықтар сатып алды.
"Біз жағымды эмоция мен жақсы көңіл-күй балалардың сауығуына ықпал етеді деп сенеміз. Біз үшін ең бастысы — балалардың қуанышына куә болу", - дейді банк қызметкерлері.
Аурухананың бас дәрігері Пархатжан Надыров та өз ойын ортаға салды:
"Балалар үшін маңызға ие бұл күнде ерекше қамқорлық көрсетіп, сыйлықтар дайындаған Jusan қызметкерлеріне алғыс білдіреміз. Біздің медициналық мекемеде ауыр дертке шалдыққан балалар ем қабылдайды. Аурухана С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құрамына кіреді әрі көпсалалы емдеу-диагностикалық мекемесі болып табылады".
"Бүгінгі таңда «Ақсай» ауруханасы 160-қа жуық төсек орнымен қамтылған. Бізде ортопедия, неврология, педиатрия бөлімдері, бірнеше хирургиялық бөлім, сондай-ақ балаларға арналған медициналық оңалту бөлімі бар. Ауруханада Қазақ ұлттық медицина университетінің жоғары білікті профессорлар мен оқытушылар құрамы жұмыс істейді», - деді аурухана басшысы.
Айта кетсек, «ҚазҰМУ» КеАҚ «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы — жарты ғасырдан астам тарихы бар Қазақстандағы ең көне көпсалалы балалар емдеу-диагностикалық мекемелерінің бірі. Аурухана жыл сайын 5000-нан астам балаға медициналық көмек көрсетеді, оның 2500-ге жуығы ауылды аймақтардан келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022998-jusan-bank-qyzmetkerleri-balalardy-qorgau-kunine-orai-respublikalyq-balalar-klinikalyq-auruxanasynyn-emdelusilerine-mereke-uiymdastyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.