jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Соңғы қоңырау": концерт кезінде би билеп көптің көңілін көтерген әжей желіні жарды (видео)

әжей
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде концерт кезінде би билеген әжейдің видеосы тарап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Бұл туралы shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан әжейдің концерт кезінде би билегенін, мерекелік шараның Астана қаласында өткенін аңғару қиын емес.

"Соңғы қоңырау. Сүйікті немерең мектеп бітіргенде", - делінген видео мәтінінде.

Бұны көрген желі оқырмандары әжейдің биі ерекше көңіл күй сыйлағанын жарыса жазып, оған ұзақ ғұмыр тіледі.

"Әже желіні жарды. Жарасып тұр", "Керемет", "Шын қуанып тұр. Билегені өте керемет", "Әжейдің жасын берсін бәріне", "Өмір жасы ұзақ, дені сау, жақындары аман болсын", "Тамаша", "Шынайы эмоция", "Әже деген немере үшін отқа да, суға да түсуге дайын", - деді олар.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде тойда би билеп, қонақтардың көңілін көтерген ер азаматтың видеосы тараған еді.

"Соңғы қоңырау": концерт кезінде би билеп көптің көңілін көтерген әжей желіні жарды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.