Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаудағы киелі жерлерге зиярат етуге кетіп, жоғалып кеткен алматылық азамат табылды

Опубликовано:

Маңғыстауда жоғалған алматылық азаматтың табылған сәт
Маңғыстауда жоғалған алматылық азаматтың табылған сәті. Фото: gov.kz

Ақтауда өткен аптада жоғалып кеткен Алматы қаласының тұрғыны Мажтай Жаханшах табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайты хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жоғалған алматылық азамат 1 маусымда сағат 10:45-те Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданының аралығында сайдан табылған.

"Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жағдайы жақсы, медицина қызметкерлеріне жүгінген жоқ", - дейді ТЖД өкілдері.

Ведомство іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамынан 25 адам, 3 техника, 2 кинологиялық топ, құрамында полиция департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бар 15 адамнан тұратын іздеу тобы мен 6 техника және Маңғыстау облысының волонтерлерінен 70 адам мен 5 техника жұмылдырылған.

Осы орайда ТЖД қандай да бір сапарға шықсаңыз қозғалыс бағытыңызды, шамамен қайтатын уақытыңызды, өзіңіз жақсы танитын кем дегенде екі адамға айтып кету қажет екенін еске салды.

"Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы "112" бірыңғай нөміріне немесе "101" нөміріне қоңырау шалыңыз", - дейді ТЖД өкілдері.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының тұрғыны Мажтай Жаханшах Маңғыстаудағы киелі жерлерді зиярат етуге кетіп, 27 мамырдан бастап онымен байланыс үзілген болатын. Осыдан кейін жас жігіттің туыстары оған іздеу салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023045-mangystaudagy-kieli-zerlerge-ziyarat-etuge-ketip-zogalyp-ketken-almatylyq-azamat-tabyldy/

pixel