jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтауға киелі жерлерді зиярат етуге кеткен алматылық жігітке іздеу жарияланды (фото)

Табиғатта жүрген ер адам
Табиғатта жүрген ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Мажтай Жаханшах киелі жерлерді зиярат етуге Ақтауға кетіп, туыстарымен байланысқа шықпай қалған. Ер адамға іздеу жарияланды. Бұл туралы Lider.kz_aktau Instagram парақшасында хабарланды.

Instagram-дағы парақшаның ақпаратынша, Ақтауда еріктілер Алматы қаласының тұрғыны Мажтай Жаханшахты іздеуде. Ол Маңғыстауға киелі жерлерге зиярат ету үшін барған.

Алайда 27 мамырдан бастап Мажтайдың туыстары онымен байланыс үзілгенін айтқан. Оның қайда екені туралы ақпарат жоқ. Ер адам 17-ші ауданда уақытша тұрғаны белгілі болды.

Ерекшеліктері: денесі жүдеу келген, бойы 178 см, шашы қара, көзі қара қоңыр түсті. Жоғалған кезде үстінде қандай киім-кешек болғаны белгісіз. Өзімен бірге рюкзак бар.

Еріктілер Мажтайды көргендер немесе ол туралы мәлімет білетіндер телефон арқылы хабарлауын сұрайды: +7 700 499 7292 немесе 102.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.