jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Жалғыз оқу қиынырақ": Павлодар облысында мектепті бір ғана оқушы бітірді (видео)

Данияз Төребаев
Данияз Төребаев. Видеодан кадр: "Еуразия арнасы"

Кеше, 1 маусымда Павлодар облысындағы Төртқұдық ауылында мектеппен бір ғана оқушы қоштасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Еуразия бірінші арнасы арнасына" сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, Төртқұдық ауылындағы мектепте барлығы 26 бала білім алады. Ал биыл 11-сыныпты бір ғана оқушы – Данияз Төребаев бітірген. 1 маусым күні Данияз үшін соңғы қоңырау соғылған. 

Данияздың айтуынша, жалғыз оқу қиынырақ.

"Қайтсең де үй тапсырмасын орындау керек болады. Сабақтан қалуға, қашуға болмайды, сондай-ақ сабақтарға толық қатысуға тура келеді", - дейді жас түлек.

Бір қызығы Данияздың сынып жетекшісі үлкен ағасы Ниязбек болған. Себебі ауыл мектебінің мұғалімдер қауымының басым бөлігі – өз түлектері.

"Бізде 12 мұғалім бар. Соның ішінде 10 мұғалім осы мектепте оқып, грантқа түсіп, кейін мектебіне оралған түлектер. Былтыр екі жас маманды шақырдық. Олар ауылдағы жағдайға қарамастан, осында қалды. Алдағы уақытта да бізбен бірге жұмыс істейді деген тілегіміз бар", - дейді Төртқұдық ауылдық мектебінің директоры Сәуле Смақаева.

Ал Данияздың сөзінше, мамандық таңдау оңай болмаған. Жас түлек ойлана келе мұғалім болам деп шешім қабылдаған.

"Павлодар қаласындағы университетке оқуға түсіп, спортпен, дзюдомен айналысқым келеді. Спорт шебері кандидаты атанып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болуды армандаймын", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатын екі-ақ түлек бітіргенін хабарлаған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.