Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдалық сияқты": мектептің алдында билеген оқушылар жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Опубликовано:

Би
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде мектептің алдында билеген оқушылардың видеосы тарады. Олардың әрекеті көпті күлкіге қарық қылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан мектептің алдында бірнеше оқушының Мұхтар Ханзаданың "Шаршама" әніне билегенің аңғару қиын емес.

Бұны көрген желі оқырмандары балалардың әрекетін жоғары бағалап, шынайы эмоция сыйлағаны үшін алғыстарын жеткізді.

"Бәрі күшті билейді екен", "Құдалыққа ұқсап кетіпті", "Демалысқа шыққанына қуанып жүрген балалар ғой", "Өздеріне бәрі жарасып тұр", "Білім ордасының алдында бидің түбін түсірген балаларға ризамын", "Тамаша", "Керемет", "Видеоны он рет көрген шығармын", "Көңілімді көтердіңдер, рақмет, жігіттер", "Өмірлерің өнегелі болсын. Әрдайым ортаны жандырып жүре беріңдер", - деді олар.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде концерт кезінде би билеген әжейдің видеосы тарап, көпшіліктің қошеметіне бөленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023209-qudalyq-siyaqty-mekteptin-aldynda-zanusyra-bilegen-oqusylar-zurtty-kulkige-qaryq-qyldy-video/