Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте аудандық полиция басқармасы бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеуші ұсталды

Опубликовано:

полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте аудандық полиция басқармасы бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеуші ұсталды. Бұл туралы Telegram-дағы Polisia.kz ресми арнасы хабарлады.

"Бірлескен жедел іс-шараларды жүргізу барысында 2 маусымда ҰҚКД мен Шымкент қаласы ПД ӨҚБ-ның қызметкерлері Абай аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеушіні ұстады.

Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы мен басқа да құқық қорғау органдары "погондағы теріс пиғылды адамдарды" анықтау жұмыстарын жалғастыруға ниетті", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Антикор полиция генерал-майоры Берік Біләловке қатысты іс бойынша тергеуді аяқтағанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023247-symkentte-policiya-boliminin-bastygy-men-buryngy-tergeusini-ustaldy/