Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландта теңізге батып кете жаздаған қазақстандық қайтыс болды

Опубликовано:

Құтқару белдемшесі
Құтқару белдемшесі. Көрнекі фото: pixabay.com

Таиландта кеше суға батып кете жаздаған қазақстандық азамат қайтыс болды. Оқыс оқиғадан кейін 24 жастағы жігіт ауруханада жатқан болатын.

Артур Ысқақовтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты жас жігіттің әпкесі Facebook парақшасында жариялады.

Жазба астындағы пікірлерде қазақстандықтар жас жігіттің қазасына көңіл айтты

Zakon.kz басылымының хабарлауынша, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Артур Ысқақовтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

Еске салайық, бұған дейін Таиландта демалып жатқан қазақстандықтың суға батып кете жаздап, оның құтқарылғаны белгілі болған еді.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандықтың комада жатқаны туралы ақпаратты растаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023333-tailandta-tenizge-batyp-kete-zazdagan-qazaqstandyq-qaitys-boldy/