jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алдағы күндері еліміздің бір өңірінде күн 46 градусқа дейін ысуы мүмкін

Субұрқақ жанынан өтіп бара жатқан қыздар
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер елімізде алдағы үш күн, яғни 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Апта басында кей өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мамандардың болжамы бойынша алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, сондай-ақ өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

6 маусымда Қазақстанның батысында, 7 және 8 маусымда солтүстік-батыста, 8 маусымда солтүстік аймақтарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін.

Метеорологтар тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күн ыстық болады деп болжады.

Сонымен қатар күндіз 6-7 маусымда республиканың солтүстігінде аптап ыстық күтіледі.

6 маусымда республиканың орталығы мен шығысында ауа температурасы +41 градусқа дейін көтерілсе, 8 маусымда оңтүстік-шығыста да +41 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде.

Синоптиктер елдің оңтүстігінде +46 градусқа дейін қатты ыстық болатынын ескертті.

8 маусымда Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы +22...+30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.