jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Қатты қобалжыдым": америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған анасын іздеп Таразға келді

Сардар Бабкок
Сардар Бабкок. Фото: youtube/@jambyltarazproduct

Осыдан 22 жыл бұрын америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған анасын іздеп, елге келді. Бұл туралы Jambyl Taraz Product YouTube арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сардар Бабко екі жылдан бері өзінің биологиялық анасын іздестіріп жүр. Ес білгелі туған жерін көруді армандаған ол үлкен үмітпен алып-ұшып, Қазақстанға келді. Достарымен бірге елге келген ол Алматы, Астана, Павлодар қалаларында қонақ болды. Ал Таразға келе салысымен бірден ата-анасын іздеуге кірісті.

Сардар бір жасқа дейін "Үміт" бөбектер үйінде тәрбиеленген. Кейін америкалық отбасы Сардармен бірге тағы екі қазақ қызын АҚШ-қа алып кетеді.

Құқықтық құжатта көрсетілген Сардардың биологиялық анасы баласын босанған соң, бір күн өткенде перзентханадан қашып кеткен. Бірақ 1974 жылғы азаматша табылмады.

Заңгерлер Сардарды асырап алушылардың ресми келісімі болмайынша, ол туралы құжаттарды көрсетуден бас тартатынын айтқан.

"Туған жеріме келгеніме өте қуаныштымын. Қазақстанға келер алдында қатты қобалжыдым. Әрдайым Тараз қаласын көруді армандайтынмын. Бөбектер үйінде болған кезім мүлде есімде жоқ. Сонша жылдан кейін туған қаламның көшелерін аралау мен үшін үлкен бақыт. Расымен, бақыттымын. Тұрғындары да, тарихы да таңғажайып, ерекше екен. Жуырда тағы келемін", - деді Сардар Бабкок.

Енді бұл іспен Сардардың адвокаттары айналысады.

"Қатты қобалжыдым": америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған анасын іздеп Таразға келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.