Шымкентте қару-жарақ дүкенін тонап, қалада оқ жаудырған Өзбекстан азаматына сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Биылғы жылдың ақпанында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Шымкенттегі көшелердің бірінде атыс болғаны туралы ақпарат тарады. Кейінірек күдікті ретінде Өзбекстан азаматы ұсталған болатын. "КТК" арнасы өзбекстандық азаматқа сот үкімі шыққанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Арна мәліметінше, 50 жастағы сотталушы 15 жылға темір торға қамалды.
"Оған түпкілікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 58-бабы, 4-бөлігін қолданып, жазаны ішінара қосу жолымен түпкілікті 15 жыл мерзімге жаза тағайындалды.
Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде, Қазақстанда жазасын өтейді", - деді Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Самидин Теміралиев.
Айта кетейік, биылғы жылдың ақпанында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Шымкенттегі көшелердің бірінде атыс болғаны туралы ақпарат тарады.
Кейінірек ер адамның Өзбекстан азаматы қару-жарақ дүкеніне аңшы мылтығын сатып аламын деген желеумен кіріп, содан соң мылтықпен атылған оқтан күзет агенттігінің бір қызметкері қолынан жарақат алса, екінші қызметкерге оқ оның оқ өтпейтін кеудешесіне тиген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023661-symkentte-qaru-zaraq-dukenin-tonap-qalada-oq-zaudyrgan-ozbekstan-azamatyna-sot-ukimi-syqty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде